Құрметті әріптестер! Кафедра блогы Сіздерді кәсіби байланысқа,тәжірибе алмасуға шақырады. Жаңа идеяларыңызды қолдауға әрқашан дайынбыз. Уважаемые коллеги, блог Кафедра - это место, где мы бы хотели делиться новостями, обмениваться опытом, а главное - услышать повлияли ли наши курсы на ваше дальнейшее развитие, родились ли новые идеи и каковы ваши запросы на будущее. Итак "Как слово наше отзовется?..."
пятница, 2 октября 2015 г.
четверг, 11 июня 2015 г.
Жаңашылдыққа ұмтылған ұжым
Еліміздегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ерекше өзгерістер әкелуде. Жедел дамып жатқан өзгеріске толы өмірде білім көшінен қалыспай, педагогтер үшін жасалып жатқан білімдегі барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңа инновациялық бағытта қызмет етіп жүрген Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылы, Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені облыс мектептеріне үлгі боларлық. Мектеп директоры Еркінбек Кусаинов.
Сейлхан А.К.
Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.
Білім
беруде тестілеу технологиясының ерекшеліктері.
Тест тапсырмаларыны құрастырудың жолдары
Білім беру жүйесін
демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттарына сәйкес
оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда болды. Бұл үрдіс
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру
жағдайында жүзеге асырылуда.
Бүгінде әлем
мойындаған TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты басқа да тіл
білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген бағдарламаларды жұртшылық
біледі. Бұл тестер тестіленушінің коммуникативтік құзыреттіліктерін, тілді білу деңгейін
бағалауға бағытталған.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа
технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын
арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік
жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды
даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар
даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.
Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар
екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі,
түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау. Білім
деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Оқушының логикалық ойлауын, жалпы
жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының
орны ерекше. Білім алушылар категориясына қарай дәстүрлі (жалпы білім беру,)
орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім
алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.
Бүгінгі білім беру саласында оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың
көмегімен білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік
қажеттілігі, оқыту теориясы мен практикасында білімді тестік әдіспен
бағалау жеткілікті деңгейде
қарастырылмай келеді. «Test»
- ағылышын сөзі, «проба», «проверка» сынақ, байқау мағынасын береді.
Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі
танудағы танымдық қызметін жетілдіреді, белсенділігін арттырады, оқушылардың
білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.
Тест жұмысының
артықшылықтары
Тест сынаққа түскендердің бір пән
бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен
салыстырғанда, тестің артықшылығы оның обьективті, сенімді, көп варианттылығы
болып табылады. Тестің міндетті түрде бірнеше нұсқалары болуы керек.
- Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды
үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әр оқушының
білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады. Практикада тексерілген,
Ресурстық әлеуметіне сәйкес келу, белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған
болуы шарт
-
Педагогикалық тест
нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден
өткізу керек.
Тестілеу – белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар
мен есептер пайдаланатын психологиялық диагностика әдісі.
Біріншіден, бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілін білім
мазмұнын тексеруде үлкен топтармен жүргізуге болады. Дәстүрлік тексеру әдісінен
тиімдірек.
Екіншіден, уақыт үнемделеді,
себебі тест жүргізу шектеулі.
Үшіншіден, тестер - неғұрлым
сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері оқушыларды белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге
емес, оқу бағдарламасының тақырыптары
мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік,
дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған. Тест жұмысын
орындай отырып, әрбір оқушы
бағдарламада көзделген
барлық тақырыптар бойынша тапсырма
орындайды.
Төртіншіден, тестердің бақылау
жұмыстарынан маңызды айырмашылығы оның
жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен
оқушылардың өзара қатынасын, оқушылардың тестілеу кезіндегі іс -
әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру әрекеттерін реттейтін қатаң ереженің болуы.
Жоғарыдағы ерекшеліктердің
жиынтығы тестілеу технологиясының мәнін танытады. Яғни, тестілеу
технологиясының мәні – сыналушының қабілеттерін анықтау, басты өлшеу құралы
болуында.
Тест
тапсырмаларын құрастырудағы басты талаптар
1 Тест тапсырмаларының мақсаты:
2. Ойдың қысқа әрі ұтымды берілуі:
3. Жауаптар үшін орынның анық
көрсетілуі(ерекшеленуі):
4. Технологиялық:
5. Сыналушылар
үшін нұсқаудың бірдейлігі:
6. Жауаптарды бағалау ережесінің
біркелкілігі:
7. Тапсырма
элементтерінің орналасу дұрыстығы:
8. Тапсырма мазмұны мен түрлерінің нақтылығы:
Әдебиет:
1. Аванесов С. Форма тестовых заданий. – М., 2005
2. Майоров А. Теория и практика создания тестов для системы образования // Народное образования. 2000 Т.
Словарь терминов и понятий тестологии. - М: Высшая школа, 1979.
4. Күзекова З.,
Пазылова Г. Қазақ тілі: тестілеу
теориясы мен практикасы.
– Алматы: Құс жолы, 2009.
– 156 бет.
среда, 11 февраля 2015 г.
Біліктілікті арттыру курсы бізге үлкен серпіліс әкелгендей
Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа бағыттары педагогтердің заманауи
талаптарға сай білім беруіне сқраныс тудыруды қажет етеді.
Ақпанның
9-13 аралығында БАИ ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында
Шемонайха ауданындағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдеріне арналған курс бізге үлкен серпіліс әкелгендей болды. Курс мазмұны пән мұғалімінің кәсіби
құзіретін дамытуда заманауи білім берудің жаңа парадигмасына сай оқытудың
сапасын, нәтижелігін қамтамасыз етумен, оқытудың жаңа технологияларын,
интербелсенді әдіс-тәсілдерін, АКТ ресурстарын тәжірибеде қолданумен
ерекшеленді.
Курсқа жетекшілік еткен БАИ оқытушылары, ф.ғ.к.
А.Сейлханнан, ДБО тренері, ф.ғ.к. С.Симбаевадан мазмұнды дәрістер тыңдадық.
Соның ішінде оқу сауаттылығы, критерийалды бағалау, интербелсенді
әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тест
тапсырмаларын құрастыру, «Балабақша-мектеп-колледж – жоғары оқу орны»
жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту» стандартындағы
өзгерістерді талдадық. Сондай-ақ,
педагогтер үшін курстан кейінгі желілік
қоғамдастықтың маңызын, топтық жұмысты коллаборативтік орта қалыптастыру арқылы
ұйымдастыруды, сындарлы оқытуды жете меңгердік. Prezi, Photo Шоу Pro бағдарламаларын
қолдануды үйрендік. Бірнеше күнде жинақтаған білім біздің кәсіби шеберлігімізді
шыңдауға арқау болары сөзсіз. Біз
үшін біліктілікті арттыру курсының маңызы ерекше.
Мукашева Анар Амановна,
Батуова Анар Киятолдановна,
Н.Островский атындағы №1
жалпы білім беретін
орта мектеп- гимназиясының
қазақ тілі пәні мұғалімі
вторник, 27 января 2015 г.
Reading Circle for EFL Teachers
Dear teachers,
At the moment we are completing the course “Проектирование образовательного
процесса по английскому языку на основе единой системы ранжирования и оценки
уровней обученности, ориентированной на Европейский стандарт”. The program was designed to cover not only
introductory issues on what CEFR is but includes sessions on active learning
and using innovative educative technologies as well as different types of
assessing students’ achievements. I think, we are going on successfully meeting
most of your expectations and providing the opportunities to further
development. What I am so greatly grateful you for is your wonderful ability to
creatively accept new ideas and turn them up into magnificent projects. Yes,
Reading Circle is not a new idea, but a Reading Circle for EFL Teachers – it
sounds great! Svetlana Dmitrieva, thank you very much; you have suggested this
club for teachers to help them enjoy speaking, making it free and fun and thus
to avoid that bad fear of making a mistake. On behalf of Svetlana and me, we
invite those who like reading and speaking to join our Reading Circle twice a
month on Thursday evenings in Pushkin Library. First meeting will be held on February, 5 at 17.30, room 28.
Do you like
the idea? Join us!!!![]() |
| In Pushkin Library |
суббота, 24 января 2015 г.
«Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері»
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және ШҚО Білім басқармасымен
ынтымақтастық аясы негізінде Күршім аудандық білім бөлімінің ұйғаруымен 2015
жылдың 6 қаңтарында «Дінтану негіздері» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған
«Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинардың жұмысына
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Б. Нұғыманов
жетекшілік жасады. Семинарда «Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті
мәселелері, мақсаты мен міндеттері, пәнді оқыту ерекшеліктері, мектеп
оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, діни санасы мен мәдениетін
қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда мектепте атқарылатын
жұмыстар бойынша мәселелер қарастырылды. Іс-шараға Күршім аудандық білім
бөлімінің әдіскері А.Джакуперова,
«Дінтану негіздері» курсының мұғалімдері З.Дуйкенова, А.Байшин, Э.Томаганова, Күршім аудандық ішкі
саясат бөлімінің маманы А.Аймуханбетова қатысып, баяндамалар жасады, пікірталас
ұйымдастырылды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша білім берудің жаңа
мазмұнына сәйкес «Дінтану негіздері» курсын оқытудың заманауи талаптарына
тоқталып, пән мұғалімдеріне әдістемелік ұсыныстар әзірленді, кеңестер берілді.

четверг, 25 декабря 2014 г.
Жаңа басылымдар
Құрметті әріптестер!
«PISA халықаралық зерттеуі»
(оқытушыларға арналған электронды құрал) дайындалды.
Бұл электронды оқу құралы
жаратылыстану бағытында жұмыс жасап жатқан мұғалімдерге көмекші құрал болады
деген сенімдемін.
Деңгейлік бағдалама негізінде
дайындалған «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» әдістемелік құралында топтық жұмысты
ұйымдастыру және жүзден астам сабақта қолданылуға болатын стратегиялар
жинақталып берілген.
Подписаться на:
Комментарии (Atom)








