среда, 23 декабря 2015 г.

Дополнительно по тесту

Дорогие учителя английского языка!

Внизу дополнительные ссылки на отдельные странички теста. Всё замечательно работает. Пробуйте. Желаю успехов!

понедельник, 14 декабря 2015 г.

Тест для учителей английского языка

Уважаемые учителя!
Летом 2016 года планируется проведение курсов повышения квалификации учителей английского языка области международными тренерами от Британского Совета. В преддверии курсов все учителя будут приглашены пройти тест Aptis. Это новый тест, разработанный специалистами Британского Совета и позволяющий учителя определить свой уровень знания английского языка соответственно международной шкале CEFR.

Приглашаю вас ближе ознакомиться с информацией о  тесте, и даже больше!!!! попробовать сам тест!!!! Будьте во всеоружии! Буду благодарна. если увижу в комментариях ваши отзывы.


Good news from the British Council. A new test 'Aptis for teachers' is developed for self-evaluation which is reliable and compared to other proficiency test this one provides you with the feedback on a concrete skill you/your student need to improve. To read more about the pluses of Aptis test go to Nick Peachey's blog http://quickshout.blogspot.co.uk/2015/12/10-reasons-for-taking-aptis-for.html


Good luck! 
Информация предоставлена Т.Летякиной, 
Президентом Ассоциации учителей английского языка г.Шымкент
 

четверг, 29 октября 2015 г.

Отзыв, мнение, оценка

В период с 19 по 29 октября 2015 года я являлась слушателем курсов повышения квалификации для мелодистов рай (гор)ОО, заместителей директоров школ по учебной работе по теме «Критериальное оценивание как способ достижения ожидаемых результатов обучения».
Прежде всего хочется отметить четкую организацию работы лекторов и комфортность  условий работы,  которые были созданы для слушателей.  Четкий тайм-менеджмент занятий позволили нам продуктивно организовывать свое время на занятиях непосредственно и  в свободное время, что позволило помимо обучения на курсах заниматься самообразованием и выполнять курсовой проект.
Лекторов курсов нельзя в полной мере назвать  лекторами, поскольку их стиль проведения занятий был насыщен интерактивными приёмами работы с аудиторией и позволял не только предоставлять и комментировать информацию по предложенной теме, но и организовывать курсантов на обсуждение, участие в работе по проблеме в группах. Данные способы организации позволили нам расширить копилку методических приемов организации деятельности с коллективом. Это  позволит  в будущем обеспечить более яркое и плодотворное проведение педагогических  и  методических советов и других мероприятий в школе. Хочется так же отметить  мобильность преподавателей курсов, их стремление удовлетворить запросы слушателей, что выражалось в возможности  индивидуальных консультаций, предоставлении информации по интересующим вопросам вне предложенных на занятиях тем.
Содержание курсов было направлено на реализацию заявленной темы. Поскольку  среди слушателей были  педагоги,  окончившие трёхмесячные курсы, обсуждение критериального оценивания и его перспектив было не только теоретическим,  но и практическим, так как основывалось уже на полученном на практическом  опыте наших коллег. Интересным стал момент создания проекта  по применению критериального оценивания в практике заместителя директора при работе с педагогами.  Данный проект позволил нам  провести мини-исследовательскую работу и наметить перспективы в своей дальнейшей профессиональной деятельности. Так же в содержании курсов были предусмотрены занятия по  таким важным на сегодняшний момент темам как борьба с коррупцией, предупреждение  суицидов, вопросы имиджа школы и педагога, освещены вопросы инклюзивного образования, вопросы ГОСО-2015.
Поэтому я считаю, что данные курсы были полезными, дали нам направление работы на будущее.
Слушатель курсов Чаяхметова Н.Н.
заместитель директора по УР
КГУ «СШ №23» акимата Усть-Каменогорска




понедельник, 26 октября 2015 г.

БҮГІНГІ ПЕДАГОГКЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ҚАНДАЙ ҚАЖЕТ БОЛСА, ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚ ТА СОНДАЙ ҚАЖЕТ





Сейлхан Айгүл Қауатайқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  
ШҚО бойынша ПҚ БАИ,
Білім беру сапасы мен басқару 
кафедрасының меңгерушісі, 
филология ғылымдарының кандидаты



Заманауи білім берудің мазмұны  желі арқылы байланыстың маңызы мен ерекшеліктерін педагогтер үшін қажет деп көрсетуде. ЖаҺандық жаңалықты ғаламтордан, үйіңіздегі теледидардан, көлігіңіздегі радиодан тыңдай отырып, әлемің бетбұрысы мен еліміздегі болып жатқан іргелі өзгерістерді ойша саралайсыз. Осы үрдіс, Сіздің педагогикалық қызметіңізде де орын алуға тиіс.
Кезінде отандық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі, ғалым А.Байтұрсынұлы: «...кейіннен біздің оқу мәшинеге айналады» деп көрсеткен екен. Расында да, қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге сай отандық білім беру парадигмасы жаңа бағытқа сай жоспарланып, мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктейді. Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін жаңартылған педагогикалық бағдарламаны меңгеруі тиіс, сонымен қатар біліктілігін де жиі арттыруға тиіс  деп көрсетеді. .
       
БҮГІНГІ ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРАДЫ?  




БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ                                       ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖЕЛІЛІК КОҒАМДАСТЫҒЫ  








Педагогтердің желілік қоғамдастығы - бұл компьютерлік желілер көмегімен бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін және белгілі бағыттарға сәйкес кәсіби тұрғыдан бірлесе отырып, қызмет атқаратын мамандардың тобы.  
Желілік қоғамдастық арқылы әр маман әріптестерімен байланысқа шыға отырып, ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау,  қиындықтан шығу жолын  бірлесіп отырып қарастыру, пікірлесу,  мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісуіне өзіндік жол ашады. Осыған сәйкес желілік қоғамдастықтың мақсатын былайша айқындауға болады:
-       тәжірибе алмасу
-       кәсіби деңгейді арттыру
-       бірыңғай ақпараттық кеңістік құру
-       үздік  педагогикалық тәжірибені тарату
-       кәсіби тақырыпта қарым-қатынасқа түсу
-       бір-біріне қолдау көрсету, ынтымақтастық
-       жаңа білім беру бастамаларына қолдау көрсету
Сонымен қатар бұл желі арқылы әр педагог өзінің құнды деп тапқан іс-тәжірибесін жариялап, тіпті кейбірі кәсіби имидж де қалыптастырады. Осындай озық ойлар мен педагогикалық тәсілдер көп мұғалімдерге түрткі болып, өздерінің сабақ берудегі әдістеріне, кәсіби біліктіліктеріне, т.б жағдайларға басқа көзқараспен (өз-өзіне сыни  көзқараспен) қарай бастайды. Желідегі материалдарды қарап, саралау барысында «Мендегі білім сапасы неге төмен?», «мен неге мұны дәл осылай жасамадым?», «білім сапасы үшін қандай әдістер қолданамын?» деген ой әркімде болады және іштей толқыныс туындайды.
Осы қоғамдастық арқылы мұғалім оң нәтижеге жету жолында ізденеді.
Желілік қоғамдастықтағы әріптестердің моральдық деңгейі өте жоғары болғанда, кез-келген істе оларға арқа сүйеуге болады.
Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жүргізе, білім сапасы артады, кәсіби дағдыларыңыз кеңейеді. Аз-кем тәжірибемізге сүйене отырып, желілік қоғамдастықтың маңызын былайша сараладық:
ü Педагогтер арасында бірлескен зерттеу топтары қалыптасады
ü мұғалімдердің құзыреттілігі артады
ü бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды
ü мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады
ü  кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады
Жаңа қоғамдастықты қалай құруға болады?
Жаңа қоғамдастық құру үшін мына сілтемелерге көшу керек: 
ü 1. «Жаңа қоғамдастық құру -Создать новое сообщество»
ü 2. Қажетті жолдардың барлығын толтыру:
ü 2. 1. Коғамдастық атауын жазу  
ü 2.2. қоғамдастық атауынан соң оның мақсат, міндеттерін жазып,  оған қатысатын адамдарға арналған пікір жазуға болады.  
ü 2.3. Бағытын көрсететін суреттер, фотолар, сызбалар енгізуге болады;  
ü 2.4. Мәтіннен басқа қоғамдастық мақсатын танытатын бейне материалдар енгізуге де болады.  

пятница, 2 октября 2015 г.



Құрметті ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңіз "ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН"  құттықтаймыз. Зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

четверг, 11 июня 2015 г.




Жаңашылдыққа ұмтылған ұжым



     Еліміздегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ерекше өзгерістер әкелуде.  Жедел дамып жатқан өзгеріске толы өмірде білім көшінен қалыспай, педагогтер үшін жасалып жатқан білімдегі барлық мүмкіндіктерді пайдаланып,  жаңа инновациялық бағытта қызмет етіп жүрген Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылы, Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені облыс мектептеріне үлгі боларлық. Мектеп директоры Еркінбек Кусаинов. 

Сейлхан А.К.
Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.


Білім беруде тестілеу технологиясының ерекшеліктері. 
Тест тапсырмаларыны құрастырудың жолдары
  
       Білім беру жүйесін демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттарына сәйкес оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда болды. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда.
Бүгінде әлем мойындаған TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты басқа да тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген бағдарламаларды жұртшылық біледі. Бұл тестер тестіленушінің коммуникативтік құзыреттіліктерін, тілді білу деңгейін бағалауға бағытталған.

Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.
Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау. Білім деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Оқушының логикалық ойлауын, жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алушылар категориясына қарай дәстүрлі (жалпы білім беру,) орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.
         Бүгінгі білім беру саласында оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың көмегімен білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, оқыту теориясы мен практикасында білімді тестік әдіспен бағалау  жеткілікті деңгейде қарастырылмай келеді. «Test» - ағылышын сөзі, «проба», «проверка» сынақ, байқау мағынасын береді. 
          Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді, белсенділігін арттырады, оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.
Тест жұмысының артықшылықтары
Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тестің артықшылығы оның обьективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тестің міндетті түрде бірнеше нұсқалары болуы керек.
-           Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әр оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады. Практикада тексерілген, Ресурстық әлеуметіне сәйкес келу, белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған болуы шарт
-         Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Тестілеу – белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланатын психологиялық диагностика әдісі.
Біріншіден,  бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілін білім мазмұнын тексеруде үлкен топтармен жүргізуге болады. Дәстүрлік тексеру әдісінен тиімдірек.
Екіншіден, уақыт үнемделеді, себебі тест жүргізу шектеулі.
Үшіншіден, тестер - неғұрлым сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері оқушыларды белгілі бір  меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес, оқу  бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік,  дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған. Тест жұмысын орындай отырып, әрбір оқушы  бағдарламада  көзделген барлық  тақырыптар бойынша  тапсырма  орындайды.
Төртіншіден, тестердің бақылау жұмыстарынан маңызды  айырмашылығы оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен  оқушылардың өзара қатынасын, оқушылардың тестілеу кезіндегі іс - әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру  әрекеттерін реттейтін қатаң  ереженің болуы.
Жоғарыдағы ерекшеліктердің жиынтығы тестілеу технологиясының мәнін танытады. Яғни, тестілеу технологиясының мәні – сыналушының қабілеттерін анықтау, басты өлшеу құралы болуында.

Тест тапсырмаларын құрастырудағы басты талаптар
1 Тест тапсырмаларының  мақсаты:
2. Ойдың қысқа әрі ұтымды берілуі:
3. Жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі(ерекшеленуі):
4. Технологиялық:
5. Сыналушылар үшін нұсқаудың бірдейлігі:  
6. Жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі:
7.  Тапсырма элементтерінің орналасу дұрыстығы:
8. Тапсырма мазмұны мен түрлерінің нақтылығы:



 Әдебиет:

1.  Аванесов С. Форма тестовых заданий. – М., 2005
2.  Майоров А. Теория и практика создания тестов для системы образования // Народное образования. 2000 Т.  Словарь терминов и понятий тестологии. - М: Высшая школа, 1979.
4. Күзекова З., Пазылова  Г. Қазақ тілі: тестілеу теориясы мен практикасы.

– Алматы: Құс жолы, 2009. – 156 бет.

среда, 11 февраля 2015 г.

Біліктілікті арттыру курсы бізге үлкен серпіліс әкелгендей



Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа бағыттары педагогтердің заманауи талаптарға сай білім беруіне сқраныс тудыруды қажет етеді.

           Ақпанның 9-13 аралығында  БАИ ұйымдастыруымен  «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында Шемонайха ауданындағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курс бізге үлкен серпіліс әкелгендей болды.      Курс мазмұны пән мұғалімінің кәсіби құзіретін дамытуда заманауи білім берудің жаңа парадигмасына сай оқы­тудың сапасын, нәтижелігін қамтамасыз етумен, оқытудың жаңа технологияларын, интербелсенді әдіс-тәсілдерін, АКТ ресурстарын тәжірибеде қолданумен ерекшеленді.

Курсқа жетекшілік еткен БАИ оқытушылары, ф.ғ.к. А.Сейлханнан, ДБО тренері, ф.ғ.к. С.Симбаевадан мазмұнды дәрістер тыңдадық. Соның ішінде оқу сауаттылығы, критерийалды бағалау, интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тест тапсырмаларын құрастыру, «Балабақша-мектеп-колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту» стандартындағы өзгерістерді талдадық.  Сондай-ақ, педагогтер үшін курстан  кейінгі желілік қоғамдастықтың маңызын, топтық жұмысты коллаборативтік орта қалыптастыру арқылы ұйымдастыруды, сындарлы оқытуды жете меңгердік. Prezi, Photo Шоу Pro бағдарламаларын қолдануды үйрендік. Бірнеше күнде жинақтаған білім біздің кәсіби шеберлігімізді шыңдауға арқау болары сөзсіз. Біз үшін біліктілікті арттыру курсының маңызы ерекше.
Мукашева Анар Амановна,    
Ю.Гагарин атындағы №3 ЖББ орта мектебінің
 қазақ тілі пәні мұғалімі,

Батуова Анар Киятолдановна,
Н.Островский атындағы №1 жалпы білім беретін
орта мектеп- гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі