четверг, 25 декабря 2014 г.

Жаңа басылымдар



Құрметті әріптестер!
«PISA халықаралық зерттеуі» (оқытушыларға арналған электронды құрал) дайындалды.
Бұл электронды оқу құралы жаратылыстану бағытында жұмыс жасап жатқан мұғалімдерге көмекші құрал болады деген сенімдемін.


 

Деңгейлік бағдалама негізінде дайындалған «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» әдістемелік құралында топтық жұмысты ұйымдастыру және жүзден астам сабақта қолданылуға болатын стратегиялар жинақталып берілген.
 





Құрметті әріптестер!



2015 жылы сәуір айында 15 жасқа толған оқушылар халықаралық зерттеуден өтетінін білеміз.
Осыған байланысты «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ШҚО бойынша ПК БАИ  «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша курстар өткізіліп,  оқытушылармен бағдарлама сай жұмыстар ұйымдастырылды.
Курс кезінде PISA халықаралық зерттеуі бойынша тапсырмалардың   мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерімен танысып, пікір алмасты. Курс тыңдаушылары тренингтер кезінде белсенділікпен жұмыс жасап, өз-өздерін, бірін-бір бағалап, ой бөлісті.


Курс кезінде алған материалдарды өз сабақтарыңызға қалай кіріктіріп жатқандарыңыз туралы кері байланыс күтудемін.