среда, 11 февраля 2015 г.

Біліктілікті арттыру курсы бізге үлкен серпіліс әкелгендей



Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа бағыттары педагогтердің заманауи талаптарға сай білім беруіне сқраныс тудыруды қажет етеді.

           Ақпанның 9-13 аралығында  БАИ ұйымдастыруымен  «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында Шемонайха ауданындағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курс бізге үлкен серпіліс әкелгендей болды.      Курс мазмұны пән мұғалімінің кәсіби құзіретін дамытуда заманауи білім берудің жаңа парадигмасына сай оқы­тудың сапасын, нәтижелігін қамтамасыз етумен, оқытудың жаңа технологияларын, интербелсенді әдіс-тәсілдерін, АКТ ресурстарын тәжірибеде қолданумен ерекшеленді.

Курсқа жетекшілік еткен БАИ оқытушылары, ф.ғ.к. А.Сейлханнан, ДБО тренері, ф.ғ.к. С.Симбаевадан мазмұнды дәрістер тыңдадық. Соның ішінде оқу сауаттылығы, критерийалды бағалау, интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тест тапсырмаларын құрастыру, «Балабақша-мектеп-колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту» стандартындағы өзгерістерді талдадық.  Сондай-ақ, педагогтер үшін курстан  кейінгі желілік қоғамдастықтың маңызын, топтық жұмысты коллаборативтік орта қалыптастыру арқылы ұйымдастыруды, сындарлы оқытуды жете меңгердік. Prezi, Photo Шоу Pro бағдарламаларын қолдануды үйрендік. Бірнеше күнде жинақтаған білім біздің кәсіби шеберлігімізді шыңдауға арқау болары сөзсіз. Біз үшін біліктілікті арттыру курсының маңызы ерекше.
Мукашева Анар Амановна,    
Ю.Гагарин атындағы №3 ЖББ орта мектебінің
 қазақ тілі пәні мұғалімі,

Батуова Анар Киятолдановна,
Н.Островский атындағы №1 жалпы білім беретін
орта мектеп- гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі