Тарих-ақпарат


Нугуманов Б.Б.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

«Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері

 Қазіргі заманғы Қазақстан жиырма жылдан астам уақыт егеменді, тәуелсіз, зайырлы мемелекет ретінде өмір сүруде. Осы жылдар ішінде қоғам өмірінің барлық салаларында дерлік терең, түбегейлі өзгерістер орын алды. Ол саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларды қамтып, қоғамдық санада да өз ізін қалдырды деуге болады.
Ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылман, 22 пайызы христиандық православие дінін ұстанушы ұлт өкілдерінен, қалған 8 пайызы әртүрлі діни ағымдарды ұстанатын адамдардан құралған. Діни фактордың барған сайын қоғамдағы ішкі үдерістерде пәрменді күшке айналып келе жатқаны күн өткен сайын анық байқалуда. Осындай жағдайда еліміздің жас жеткіншектерінің парасатты ой-өрісінің, ізгілікті сана- сезімінің, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге, гуманистік дүниетанымға негізделген толерантты тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау, кауіпті діни ағымдар мен экстремистік топтардың ықпалынан қорғау маңызды болып отыр. 

«Дінтану негіздері» курсын міндетті түрде тарих, құкық пәндерінің мұғалімдері өткізуі қажет және мүмкіндігінше мектептегі жоғары санатты мұғалімнің өткізгендігі орынды.

«Дінтану негіздері» курсын оқыту мақсаты: оқушыларды әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы оқыту, олардың қоғамда алатын орны, діни сенімдерінің еркіндігін, қабілеттерін қалыптастыруға және алған білімдерін өмірде пайдалана алуға, рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде оқушыларды толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру, сонымен қатар экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету.

«Дінтану негіздері» курсының міндеттері:

1) оқушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы ролі туралы білімін жүйелендіру және тереңдету;

2) діннің танымдық-дүниетанымдық, мәдениет танушылық және гуманистік негіздерін ашу;
3) толеранттылыққа және діни білімнің қазіргі заманғы қайнар көздерін сыни тұрғыдан бағалай білуге тәрбиелеу;
4) Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралык, конфессияаралық келісімдерді нығайту үшін азаматтық жауапкершілікке баулу;
5) экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерін қабылдамауға тәрбиелеу;
6) діни әдебиеттер, электрондық білім және бұқаралық ақпарат құралдар материалдарын сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;
7) құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.

«Дінтану негіздері» курсының кіріктірілген сипатынан білім мазмұнын құрастыру мен оқу процесін ұйымдастыру төмендегі пәндермен мазмұндық пәнаралық байланысты орнату негізінде жүзеге асырылады:
Қазақ тілі пәнімен:
-   оқушылардың сөздік қорын дін тарихы мен діни сенімдер саласының ұғымдарымен байыту;
-   ұлттық мәдениетке құрмет сезімін тәрбиелеу және басқа да мәдениет бастауларына бірдей қатынас калыптастыру;
Әдебиет пәнімен:
-   діни әдебиет үлгілері мен көркем әдебиет туындыларын, дін ғұламаларының әдеби туындыларын косымша дерек көзі ретінде колдану;
Тарих пәнімен:
-   діннің пайда болу, даму және таралу барысының тарихи деректермен дәйектелуі;
-   діннің адам мен қоғам өмірінде алатын орнын коғамдық қарым- катынастар тұрғысында талдау жасау арқылы көрсету;
География пәнімен:
-   діндердің таралу аумақтарын айкындауда тарихи-географиялық кеңістіктерді айыра aлy;
-   географиялық нысандардың өзара орналасуы туралы түсініктерін бекіту.
Қорыта келгенде, «Дінтану негіздері» курсын оқыту арқылы оқушыларды азаматтық, отаншылдық, адамгершілік пен демократия принциптерін ұстануға, діни мәдениет пен мәңгілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеп, өмірлік жағдайлар мен әртүрлі ағымдағы діни ақпараттарға, конфессияларға байланысты шынайы ақпаратты қабылдауға негіз қалап, бағыттау және тәрбиелеу оқытушылардың басты міндеті деп білеміз.






















                                         Кенесары ханның басы қайда?
Биыл Қазақ хандығының соңғы билеушісі, 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі атанған атақты Кенесары Қасымұлының туғанына тура 210 жыл. Кенесары – Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы және Абылай ханның немересі, төре тұқымынан шыққан.
1847 жылы Кенесарының басын қырғыз манабы Жантай Қарабеков алған деген дерек бар. Ал, бүгінгі ғалымдардың айтуынша, қазақ ханының қырғыздар қолына түсіп қаза табуына сол кездегі ру басылары Сыпатай мен Рүстем сұлтан себепші болған деседі. Дәл осы екі адамның сатқындығынан Кенесарының шағын қолы қоршауға түсіп, ханды қырғыздардың тұтқындағаны тарихтан белгілі. Қырғыздармен шешуші шайқасқа түсер алдында да Сыпатай мен Рүстем бірнеше мыңдық атты әскерін ұрыс даласынан алып кеткендігі жөнінде де деректер көп
Бекен Қайратұлы

КЕНЕСАРЫ БАБАМЫЗДЫҢ БАСЫ ТАБЫЛА МА?

Осыдан 10 жыл бұрын ғалым Тұрсын Жұртбай бастаған топ Ресейге барып Кенесарының басын іздеді. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы Қазақстан тарихына қатысты мағлұмат беретін 64 мекемеде болыпты. КСРО құлаған соң Мәскеу мен Санк-Петербугтегі мұражай қорында тұрған заттар заңды түрде Рессейдің меншігі деп бекітілген. КСРО құрамында болған республикалар мен бүгінгі Ресей құрамындағы – Татарстан, Башқұрт, Сақа, Буратия елдерінің өз тарихына қатысты экспонаттар, қолжазба тарихи құжаттар, архив қорларында қатаң тізімге алынған.
Осындай себептерге байланысты Кенесарының басын іздеу ісі жекеленген адамдардың қолынан келмейді. Бір ғана Эрмитаждың өзінде 3,5 млн. экспонат бар. Тек тізімін оқып шығуға бір ай керек. Ресейдегі архив пен музей қорларына соңғы 80 жылда жүргізілген 3 реткі бөлістің жай-жапсарын білмеген адам, бұрынғы сілтемелерге сүйеніп, сандалып қалуы ықтимал. Мысалы, Е.Бекмахановтың Кенесары туралы сілтеме жасаған архив деректері арқылы ол құжатты таба алмайсыз. 1950-1953 жылдары Эрмитаж бен Кунсткамераның, 1960-1963жылдары КСРО халықтар музейінің жеке шаңырақ көтерілуіне байланысты экспонаттар талан-таражға түскен. Ал, архив материалдары 1980 жылы Мәскеу мен Санкт-Петербургтің және облыстардың архивтеріне жіберілген, соған орай фондтардың аты, рет саны, заттардың аты өзгертілген.
Жоғарыдағы талан-таражға байланысты, Кенесарының бас сүйегі де сөреден-сөреге ауысқан. Соғыс жылдары көптеген экспонаттар Самарқанд, Қостанай, Саратов қалаларына көшірілген. Осы жерлерден экспонаттар толық қайтарылмаған. Мысалы, Түркменбашының бас сүйегі сол кезде Самарқандта қалып қойған да, екі әйелі мен бес баласының бас сүйегі Мәскеуге қайтарылған. Түркімендер 3 жыл іздеп ақыры бабаларының басын Самархандтан тапты. Кенесарының басы да осы сияқты көшіп жүруі әбден мүмкін. Егер Кенесарының басы Самарқанд, Қостанай, Тобол, Смоленск қалаларынан табылып жатса, таңдануға болмайды.
Жоғарыдағы із кесуші топ Кенесарының бас сүйегі болуы мүмкін деп тапқан мекемелердің (мұражай, лаборатория, архив т.б) негізгілеріне іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар Мәскеу мемлекеттік университетінің Антропология институтымен мұражайында тұрған 15500 бас сүйекті көрді. Бұлар XVIII ғасырдан бастап жинақталған. Сонын ішінде 500 бас сүйектің картотекасы жоқ. Осы 500 бас сүйектің бірі Кенесарынікі болуы да мүмкін ғой.
Іздеушілер ФСБ мен МВД-нің арнайы криминалдық лабораториясы мен жабық музейлеріне кіре алмаған. Ол үшін екі мемлекеттің деңгейлес, салалас, мекемелерінің өзара келісімі, арнайы рұқсаты керек екен. Негізінен Кенесарының бас сүйегі болуы мүмкін мекемелердің негізгісі – осы екеуі, дейді Тұрсын ағамыз.
Дегенмен, бас сүйектің болуы мүмкін үшінші мекеме Санкт-Петербургтегі Әскери Академияның музейі. Мұнда тек қазақтарға қатысты 6000 бас сүйек сөреде тұр. Ал, Эрмитаждан 50-ші жылдары енші алып шыққан Кунсткамераға 63000 бас сүйек беріліпті. Бұл бас сүйектер Антропология бөлімінде сақталған. 1988-1990 жылдары Қазақстан үкіметінің тапсырмасымен адамдар келіп мұндағы бас сүйектерді қарап шыққан. Соған қарағанда Эрмитаж бен Кунсткамерада Кенесарының басы жоқ.

Тұрсекеңнің айуына қарағанда, Кенесарының бас сүйегін іздестіруді Омбы облыстық архивінен бастаған дұрыс. Санкт-Петербургтағы Әскери-медицина Академиясының Антропология бөлімі, РҒА-ның Санкт-Петербургтағы архиві, МГУ-дің Антропология институты мен музейі, РФ федералдық қауіпсіздік қызметімен МВД криминалдық лабораториясы секілді мекемелерден әсте үміт үзуге болмайды.



21 комментарий:

  1. Анонимный1/27/2015

    Кұрметті Бақытбек Бажеевич! Маған қазақ хандығының 550 жылдығына арналған материалдар, кітаптар немесе курс қажет.

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Сіздің сұранысыңызды орындаймыз. Тарих пәні бойынша өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған таныстырылымдар байқауының жеңімпазы Жунусова Әселдің материалдарын жолдаймыз.

      Удалить
  2. Анонимный6/12/2015

    дінтану курсы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, көптеген мағлұматтар жинақтадым

    ОтветитьУдалить
  3. Анонимный6/12/2015

    Қазырхан Е. Абижанова З.А. Махсутова А.Қ.
    Осы жазылған мақаладан қазіргі уақыттағы өзекті мәселелер толығымен қамтылған десек те болады. Яғни, Дінтану пәнінің оқытылу өзектілігі мен қажеттілігіне анық және нақты тоқталған. Курс барысында алынған қосымша ақпараттарды өз тәжірибемізде тиімді пайдаланып, ел игілігіне жаратамыз деген ойдамыз.

    ОтветитьУдалить
  4. Анонимный6/12/2015

    Мұхамадиянова Айнұр Мұхамадияқызы
    №3 көпбейінді мектеп гимназиясы Өскемен қаласы
    Нугуманов Б.Б.«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы: «Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері атты баяндамасы қазөіргі күндегі өзекті мәселе. Дінтану негіздері пәні арқылы мектеп оқушылары діннің пайда болу, даму және таралу барысының тарихи деректермен таныса отырып, діннің адам мен қоғам өмірінде алатын орнын коғамдық қарым- катынастар тұрғысында талдау жасай алатын азамат болып қатысады деген ойдамын.

    ОтветитьУдалить
  5. Анонимный6/12/2015

    Мухаметуалиева Гульнура Өскемен қаласының №16 орта мектебі
    Дінтану негіздері жоғарғы деңгейде өтіп жатыр ,осындай курыстарды өткізіп жатқандарыңызға рахмет

    ОтветитьУдалить
  6. Анонимный6/12/2015

    Арнапасов Ертай Талгатович, Ұлан ауданы, Герасимовка орта мектебі
    Осы ұйымдастырылған курстардың пайдалығы қазіргі өмірде өте зор. Дінтану мұғалімдеріне көптеген пайдалы мағлұматтар алуға ықпалдасады. Дінтану пәніне арналған осындай курстар, мақалалар қажет.

    ОтветитьУдалить
  7. Анонимный6/12/2015

    Искаков Ербол.Тарбағатай ауданы.Жетыарал орта мектебі
    Дінтану негіздері курсын оқытудың өзекті мәселелерінде аталмыш курстың міндеттері жан-жақты сараланып айшықталып жазылған.Пәнаралық байланыстардың кіріктіріле байланысуы арқылы жан-жақты нақтыланып жазылған

    ОтветитьУдалить
  8. Анонимный6/12/2015

    Амангельдин Сержан,Ұлан ауданы "Асубұлақ орта мектебі"КММ Дінтану негіздері жоғарғы деңгейде өтіп жатыр.Осындай курстар жиі өткізіліп тұрса жақсы болар еді.

    ОтветитьУдалить
  9. Анонимный6/12/2015

    Мухамеджанова Жанат Сулеймановна Катонқарағай ауданы "Огнево негізгі орта мектебі"«Дінтану негіздері» курсын оқыту арқылы оқушыларды азаматтық, отаншылдық, адамгершілік пен демократия принциптерін ұстануға, діни мәдениет пен мәңгілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеп, өмірлік жағдайлар мен әртүрлі ағымдағы діни ақпараттарға, конфессияларға байланысты шынайы ақпаратты қабылдауға негіз қалап, бағыттау және тәрбиелеу оқытушылардың басты міндеті деп білеміз, жане құрстарын өте қажет деп ойлаймы.

    ОтветитьУдалить
  10. Анонимный6/12/2015

    Өмірбаев Дәулет, Қайырбаев Танаш, Чакаев Нұржан, Жапарқанова Динара

    Құрметті Бақытбек Бажеевич "дінтану негіздері" пәніне арналған мақалаңыз өте ұнады. Әсіресе осы пәнді жоғарғы санатты мұғалімнің беретіндігі. Сізге "дінтану негіздерін" пән ретінде бағдарламаға енгізуге ықпал етсеңіз жақсы болар еді

    ОтветитьУдалить
  11. Анонимный6/12/2015

    Дінтану пәні бүгінгі таңда мектептерге өте қажет пән. Өйткені ол - оқушыларды бір идеяға, бір сенім мен негізге, түсінікке баулиды, Адамгершіліктің негізін қалайтын бұл түсініктер мен сенімдер біздің қоғамға ауадай қажет. Мектеп мұғалімдері оқушыны шәкірттерін діни уағыздар арқылы имандылыққа тәрбиелейді. Оқушы бойында ізгіліктің негізін қалыптастырады.

    ОтветитьУдалить
  12. Анонимный10/09/2015

    Ибраева Майшекер Мырзабековна Күршім ауданы Ақши негізгі орта мектебінің тарих пәні мұқғалімі, Кустапаева Диляра Кайратовна Көкпекті ауданы Мамай ауылы "Аманкелді атындағы орта мектебі" КММ тартих пәні тұралы
    Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы мәліметтер алдым. Кенесары Қасымұлының бас сүегінің табылуына құлақ түреміз. Мақала өте орынды жазылған.

    ОтветитьУдалить
  13. Ибраева Майшекер Мырзабековна10/09/2015

    Ибраева Майшекер Мырзабековна Күршім ауданы Ақши негізгі орта мектебінің тарих пәні мұқғалімі, Кустапаева Диляра Кайратовна Көкпекті ауданы Мамай ауылы "Аманкелді атындағы орта мектебі" КММ тартих пәні тұралы
    Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы мәліметтер алдым. Кенесары Қасымұлының бас сүегінің табылуына құлақ түреміз. Мақала өте орынды жазылған.

    ОтветитьУдалить
  14. марат10/09/2015

    Әр мемлекеттің тарихына байланысты жәдігерлер сол мемлекетке қайтарылу тиіс.

    ОтветитьУдалить
  15. Нургуль10/09/2015

    Бүгінгі таңда өзекті болып тұрған мәселе деп ойлаймын. Оқушыларға Кенесары туралы айтқанда батыр бабамыздың ерлігін айтамыз. Бабамыздың басы елімізге қайтарылуы қажет.

    ОтветитьУдалить
  16. Жакпарова10/09/2015

    Жакпарова Н
    сиздерге саттилик тилеймиз

    ОтветитьУдалить
  17. Анонимный10/09/2015

    Іздестіру жұмыстарын жалғастыру арқылы небір құнды деректерге көзімізді жеткізе аламыз. Сондықтан тарихшылар ұшін өте тиімді. Бүл жұмыс жалғасын тапса екен

    ОтветитьУдалить
  18. Газизов А10/09/2015

    іздестіру жұмыстарын аліде жалғассын себебі ұлтымыз үшін қазақтың соңғы ханы Кеңесары бабамыздың тарихи шындығы ұрпақ үшін өте құнды материал

    ОтветитьУдалить
  19. Балгын10/09/2015

    Макала жаксы жазылған. Қазақ баласымын деген адамзатқа көп ой салады деп ойлаймын .Осындай жазылған мақалалар көптеген ой салады.Қазақ баласын жауынкерлікке адалдыққа отан сүйгіштікке баулыйды Ондай қазақ үшін қажет және керек Әр қашан солай болсын соған тілектеспін!

    ОтветитьУдалить
  20. Айгул Каратоғай орта мектебі10/25/2015

    Қазақтың басын біріктіруде Кенесары бабамыздың ерлігі ерекше болғанымен, саясаттың солақай бағыттары оны тарихтан алып тастауға тырысты. Дегенмен, батыр бабамыздың ерлігі "Мәңгілік ел" ұрпақтарының жадында өшпестей тарихнамаға айналса, бүгінгі қазақтың дарабоз батырдың басы мен денесінің қайда қалғанын білмей отыруы- ұлт үшін үлкен сын.

    ОтветитьУдалить