четверг, 11 июня 2015 г.




Жаңашылдыққа ұмтылған ұжым



     Еліміздегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ерекше өзгерістер әкелуде.  Жедел дамып жатқан өзгеріске толы өмірде білім көшінен қалыспай, педагогтер үшін жасалып жатқан білімдегі барлық мүмкіндіктерді пайдаланып,  жаңа инновациялық бағытта қызмет етіп жүрген Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылы, Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені облыс мектептеріне үлгі боларлық. Мектеп директоры Еркінбек Кусаинов. 

Сейлхан А.К.
Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.


Білім беруде тестілеу технологиясының ерекшеліктері. 
Тест тапсырмаларыны құрастырудың жолдары
  
       Білім беру жүйесін демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттарына сәйкес оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда болды. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда.
Бүгінде әлем мойындаған TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты басқа да тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген бағдарламаларды жұртшылық біледі. Бұл тестер тестіленушінің коммуникативтік құзыреттіліктерін, тілді білу деңгейін бағалауға бағытталған.

Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.
Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау. Білім деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Оқушының логикалық ойлауын, жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алушылар категориясына қарай дәстүрлі (жалпы білім беру,) орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.
         Бүгінгі білім беру саласында оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың көмегімен білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, оқыту теориясы мен практикасында білімді тестік әдіспен бағалау  жеткілікті деңгейде қарастырылмай келеді. «Test» - ағылышын сөзі, «проба», «проверка» сынақ, байқау мағынасын береді. 
          Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді, белсенділігін арттырады, оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.
Тест жұмысының артықшылықтары
Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тестің артықшылығы оның обьективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тестің міндетті түрде бірнеше нұсқалары болуы керек.
-           Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әр оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады. Практикада тексерілген, Ресурстық әлеуметіне сәйкес келу, белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған болуы шарт
-         Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Тестілеу – белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланатын психологиялық диагностика әдісі.
Біріншіден,  бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілін білім мазмұнын тексеруде үлкен топтармен жүргізуге болады. Дәстүрлік тексеру әдісінен тиімдірек.
Екіншіден, уақыт үнемделеді, себебі тест жүргізу шектеулі.
Үшіншіден, тестер - неғұрлым сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері оқушыларды белгілі бір  меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес, оқу  бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік,  дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған. Тест жұмысын орындай отырып, әрбір оқушы  бағдарламада  көзделген барлық  тақырыптар бойынша  тапсырма  орындайды.
Төртіншіден, тестердің бақылау жұмыстарынан маңызды  айырмашылығы оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен  оқушылардың өзара қатынасын, оқушылардың тестілеу кезіндегі іс - әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру  әрекеттерін реттейтін қатаң  ереженің болуы.
Жоғарыдағы ерекшеліктердің жиынтығы тестілеу технологиясының мәнін танытады. Яғни, тестілеу технологиясының мәні – сыналушының қабілеттерін анықтау, басты өлшеу құралы болуында.

Тест тапсырмаларын құрастырудағы басты талаптар
1 Тест тапсырмаларының  мақсаты:
2. Ойдың қысқа әрі ұтымды берілуі:
3. Жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі(ерекшеленуі):
4. Технологиялық:
5. Сыналушылар үшін нұсқаудың бірдейлігі:  
6. Жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі:
7.  Тапсырма элементтерінің орналасу дұрыстығы:
8. Тапсырма мазмұны мен түрлерінің нақтылығы:



 Әдебиет:

1.  Аванесов С. Форма тестовых заданий. – М., 2005
2.  Майоров А. Теория и практика создания тестов для системы образования // Народное образования. 2000 Т.  Словарь терминов и понятий тестологии. - М: Высшая школа, 1979.
4. Күзекова З., Пазылова  Г. Қазақ тілі: тестілеу теориясы мен практикасы.

– Алматы: Құс жолы, 2009. – 156 бет.