![]() |
Сейлхан Айгүл Қауатайқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
ШҚО бойынша ПҚ БАИ,
Білім беру сапасы мен басқару
кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты
Заманауи
білім берудің мазмұны желі арқылы байланыстың маңызы мен
ерекшеліктерін педагогтер үшін қажет
деп көрсетуде. ЖаҺандық жаңалықты ғаламтордан, үйіңіздегі теледидардан,
көлігіңіздегі радиодан тыңдай отырып, әлемің бетбұрысы мен еліміздегі болып
жатқан іргелі өзгерістерді ойша саралайсыз. Осы үрдіс, Сіздің педагогикалық қызметіңізде де орын алуға тиіс.
Кезінде отандық педагогиканың негізін
қалаушылардың бірі, ғалым А.Байтұрсынұлы: «...кейіннен біздің оқу мәшинеге айналады» деп көрсеткен екен. Расында
да, қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге сай отандық білім беру
парадигмасы жаңа бағытқа сай жоспарланып, мұғалімдер алдына үлкен міндеттер
жүктейді. Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін жаңартылған педагогикалық бағдарламаны меңгеруі
тиіс, сонымен қатар біліктілігін де
жиі арттыруға тиіс деп көрсетеді. .
БҮГІНГІ ПЕДАГОГ
БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРАДЫ?
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ
ЖЕЛІЛІК КОҒАМДАСТЫҒЫ
Педагогтердің желілік
қоғамдастығы - бұл компьютерлік желілер көмегімен бір-бірімен
қарым-қатынасқа түсетін және белгілі бағыттарға сәйкес кәсіби тұрғыдан бірлесе
отырып, қызмет атқаратын мамандардың тобы.
Желілік
қоғамдастық
арқылы әр маман әріптестерімен байланысқа шыға отырып, ой бөлісу, тәжірие
алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты
жоспарлау, қиындықтан шығу жолын бірлесіп отырып қарастыру, пікірлесу, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау,
ақпарат бөлісуіне өзіндік жол ашады. Осыған сәйкес желілік қоғамдастықтың мақсатын былайша айқындауға болады:
-
тәжірибе
алмасу
-
кәсіби
деңгейді арттыру
-
бірыңғай
ақпараттық кеңістік құру
-
үздік педагогикалық тәжірибені тарату
-
кәсіби
тақырыпта қарым-қатынасқа түсу
-
бір-біріне
қолдау көрсету, ынтымақтастық
-
жаңа білім
беру бастамаларына қолдау көрсету
Сонымен
қатар бұл желі арқылы әр педагог өзінің құнды деп тапқан іс-тәжірибесін жариялап,
тіпті кейбірі кәсіби имидж де
қалыптастырады. Осындай озық ойлар мен педагогикалық тәсілдер көп мұғалімдерге түрткі болып, өздерінің сабақ берудегі
әдістеріне, кәсіби біліктіліктеріне, т.б жағдайларға басқа көзқараспен
(өз-өзіне сыни көзқараспен) қарай
бастайды. Желідегі материалдарды қарап, саралау барысында «Мендегі білім сапасы
неге төмен?», «мен неге мұны дәл осылай жасамадым?», «білім сапасы үшін қандай
әдістер қолданамын?» деген ой әркімде болады және іштей толқыныс туындайды.
Осы
қоғамдастық арқылы мұғалім оң нәтижеге
жету жолында ізденеді.
Желілік
қоғамдастықтағы әріптестердің моральдық деңгейі өте жоғары болғанда, кез-келген
істе оларға арқа сүйеуге болады.
Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жүргізе, білім сапасы артады, кәсіби дағдыларыңыз кеңейеді. Аз-кем тәжірибемізге сүйене отырып, желілік қоғамдастықтың маңызын былайша сараладық:
Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жүргізе, білім сапасы артады, кәсіби дағдыларыңыз кеңейеді. Аз-кем тәжірибемізге сүйене отырып, желілік қоғамдастықтың маңызын былайша сараладық:
ü Педагогтер арасында бірлескен зерттеу топтары
қалыптасады
ü мұғалімдердің құзыреттілігі артады
ü бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, басқа мектептермен
жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды
ü мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады
ü кәсіби
біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады
Жаңа
қоғамдастықты қалай
құруға болады?
Жаңа
қоғамдастық құру үшін мына
сілтемелерге көшу керек:
ü
1. «Жаңа қоғамдастық құру -Создать новое
сообщество»
ü
2. Қажетті жолдардың
барлығын толтыру:
ü
2. 1. Коғамдастық атауын жазу
ü
2.2. қоғамдастық атауынан соң оның мақсат, міндеттерін
жазып, оған қатысатын адамдарға арналған пікір жазуға болады.
ü
2.3. Бағытын көрсететін суреттер, фотолар,
сызбалар енгізуге болады;
ü
2.4. Мәтіннен басқа қоғамдастық мақсатын танытатын бейне материалдар
енгізуге де болады.
Желі арқылы әр педагог өзінің құнды деп тапқан іс-тәжірибесін жариялайды. Осы қоғамдастық арқылы мұғалім оң нәтижеге жету жолында ізденеді.
ОтветитьУдалитьЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ӨТЕ ҚАЖЕТТІ ТЕХНОЛОГИЯ ЕКЕНІН АШЫП ЖАЗЫПТЫ ,ЖАҚСЫ МАҚАЛА.
ОтветитьУдалитьӘрине, дұрыс айтасыз. Біз де келісеміз.
УдалитьЖелілік қоғамдастық - заман талабы. Жаңа ақпаратқа уақытты тиімді пайдаланып қол жеткізу, ақпарат алмасу. Оқу орнының және жекелей педагогтардың кәсіби имиджін қалыптастырады. Сондықтанда біз сіздің пікіріңізбен толықтай келісеміз!
ОтветитьУдалитьШынында да, қазіргі заман талабына сай ақпаратты білу және қолдану уақытты үнемдеуде ең тиімді тәсіл болып табылады.
ОтветитьУдалитьқоғамдық қауымдастықтың тиімділігі өте жақсы айқындалған. Қазіргі өмір талабына сай кәсіби имидж қалыптастыру өте керемет айтылған
ОтветитьУдалитьмақала тамаша екен жаңа дәріс алып жатқан біздің ойымыздан шықты. тек Байтұрсынов айтқандай оқу машина болып ұстаз оны жүргізуші болатын болса, көліктің маркасымен жолдың ақаулығына байланысты жүргізушінің де тәжірибесі, қолданар әдіс-тәсілі, айла-амалы өз заманына сай болар еді, бірақ елімізде шетелдік көліктер көп те жолдар айқыш-ұйқыш ...
ОтветитьУдалитьПедагогтердің желілік қоғамдастығын құру оықтушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасап, педагогикада болып жатқан жаңалықтарды білуге жол ашады, өзіндік имидж қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ОтветитьУдалитьЖелілік қоғамдастық туралы көп мағлұмат алдық. Осыған орай, өз білімімізді жетілдіруге мақсат қойдық. Болашақта Сізбен, осы тақырып төңірегінде байланыста болатынымызға сенімдіміз. Болашақ мамандарды даярлауда қажетті ақпараттармен алмасамыз.
ОтветитьУдалитьҚазіргі кезде білім саласында заман талабына сай АКТ қолданысы басты мәселе болып тұр, осыған байланысты сіздің мақалаңыз өте орынды жазылған келешекте біздің колледж осы жүйеге енеді деп ойлаймыз
ОтветитьУдалитьЗаманауи білім беру мазмұнының жетілуі желі байланысы арқылы жүргізілуі шын мәнінде педагогтер үшін қажет деп ойлаймын. Желілік қоғамдастық жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық оқу орындарында жүзеге асырылса деймін.
ОтветитьУдалитьБүгінгі педагогке жаңартылған білім қандай қажет болса, желілік қоғамдастық та сондай қажет атты мақалада өзекті мәселе орынды қозғалып отыр. Жаңа қоғамда білім берудің жаңа бағыттары мен желілік қоғамдастық қызмет түрі мұғалімнің жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде өзекті мәселелерді бірігіп шешуіне, пікір алмасып жағымды қарым-қатынас орнатуға жол ашады.
ОтветитьУдалитьЖелілік қоғамдастықтың педагог жұмысына маңызы көп. Мұнда педагогтер өздерінің жұмысына байланысты жетістіктері мен кемшіліктерін біледі. Өзге педагогтардың іс-тәжірибелерімен танысып, басқа әріптестерінің пікірлерімен танысып, ой бөліседі. біздің педагогтер үшін нағыз инновация.
ОтветитьУдалитьТақырыптың мазмұны өзекті,мазмұны ашылған мен өзім үшін көп мағлұмат алдым.
ОтветитьУдалитьЖелілік қоғамдастық педагогтар үшін өте тиімді. Әрбір педагог өзінің тәжірибесін жариялау арқылы бір-бірімен көптеген әдіс-тәсілдерді, педагогикалық технологияларды үйрене отыра, педагогикалық біліктіліктерін арттыра алады. Сонымен қатар заман талабына сай әр түрлі АКТ құралдарын тиімді қолдануды үйренеді.
ОтветитьУдалитьБіздің оқу орнымызда да осындай желілік қоғамдастық құру қажеттілігі туралы ой туындап отыр. Бұл біздің оқытушыларымыздың өзара және басқа колледж оқытушыларымен, әріптестерімізбен пікір алмасып, белгілі бір бағытта тәжірибе алмасуға да, біліктілігін арттыруға да мол мүмкіндік береді.
ОтветитьУдалитьЖелілік қоғамдастық құру педагогикалық ұжымның кәсіби жетілуіне мүмкіндік береді, сондықтан бізге де желілік қоғамдастық құру қажеттілігі сезілді.
ОтветитьУдалитьҚұрметті әріптестер!
УдалитьСіздердің мақала бойынша жазған пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды оқып риза болдым. Сіздердің педагогикалық қызметтеріңізге кішкене де болса ой салдым деп ойлаймын. Барлықтарыңыздың пікірлеріңіз мен үшін құнды. Көп рақмет!