суббота, 24 января 2015 г.

«Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері»

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және ШҚО Білім басқармасымен ынтымақтастық аясы негізінде Күршім аудандық білім бөлімінің ұйғаруымен 2015 жылдың 6 қаңтарында «Дінтану негіздері» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған «Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында  облыстық семинар өткізілді.
Семинардың жұмысына  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Б. Нұғыманов жетекшілік жасады. Семинарда «Дінтану негіздері» курсын оқытудың өзекті мәселелері, мақсаты мен міндеттері, пәнді оқыту ерекшеліктері, мектеп оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, діни санасы мен мәдениетін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда мектепте атқарылатын жұмыстар бойынша мәселелер қарастырылды. Іс-шараға Күршім аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Джакуперова,  «Дінтану негіздері» курсының мұғалімдері З.Дуйкенова,  А.Байшин, Э.Томаганова, Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Аймуханбетова қатысып, баяндамалар жасады, пікірталас ұйымдастырылды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес «Дінтану негіздері» курсын оқытудың заманауи талаптарына тоқталып, пән мұғалімдеріне әдістемелік ұсыныстар әзірленді, кеңестер берілді. 


1 комментарий:

  1. Анонимный1/27/2015

    Дінтану курсына қатысты іс-шаралар пән мұғалімдеріне аса қажет.

    ОтветитьУдалить