Сейлхан Айгүл Қауатайқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
ШҚО бойынша ПҚ БАИ,
Білім беру сапасы мен басқару
кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты
Заманауи
білім берудің мазмұны желі арқылы байланыстың маңызы мен
ерекшеліктерін педагогтер үшін қажет
деп көрсетуде. ЖаҺандық жаңалықты ғаламтордан, үйіңіздегі теледидардан,
көлігіңіздегі радиодан тыңдай отырып, әлемің бетбұрысы мен еліміздегі болып
жатқан іргелі өзгерістерді ойша саралайсыз. Осы үрдіс, Сіздің педагогикалық қызметіңізде де орын алуға тиіс.
Кезінде отандық педагогиканың негізін
қалаушылардың бірі, ғалым А.Байтұрсынұлы: «...кейіннен біздің оқу мәшинеге айналады» деп көрсеткен екен. Расында
да, қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге сай отандық білім беру
парадигмасы жаңа бағытқа сай жоспарланып, мұғалімдер алдына үлкен міндеттер
жүктейді. Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін жаңартылған педагогикалық бағдарламаны меңгеруі
тиіс, сонымен қатар біліктілігін де
жиі арттыруға тиіс деп көрсетеді. .
БҮГІНГІ ПЕДАГОГ
БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРАДЫ?
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ
ЖЕЛІЛІК КОҒАМДАСТЫҒЫ
Педагогтердің желілік
қоғамдастығы - бұл компьютерлік желілер көмегімен бір-бірімен
қарым-қатынасқа түсетін және белгілі бағыттарға сәйкес кәсіби тұрғыдан бірлесе
отырып, қызмет атқаратын мамандардың тобы.
Желілік
қоғамдастық
арқылы әр маман әріптестерімен байланысқа шыға отырып, ой бөлісу, тәжірие
алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты
жоспарлау, қиындықтан шығу жолын бірлесіп отырып қарастыру, пікірлесу, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау,
ақпарат бөлісуіне өзіндік жол ашады. Осыған сәйкес желілік қоғамдастықтың мақсатын былайша айқындауға болады:
-
тәжірибе
алмасу
-
кәсіби
деңгейді арттыру
-
бірыңғай
ақпараттық кеңістік құру
-
үздік педагогикалық тәжірибені тарату
-
кәсіби
тақырыпта қарым-қатынасқа түсу
-
бір-біріне
қолдау көрсету, ынтымақтастық
-
жаңа білім
беру бастамаларына қолдау көрсету
Сонымен
қатар бұл желі арқылы әр педагог өзінің құнды деп тапқан іс-тәжірибесін жариялап,
тіпті кейбірі кәсіби имидж де
қалыптастырады. Осындай озық ойлар мен педагогикалық тәсілдер көп мұғалімдерге түрткі болып, өздерінің сабақ берудегі
әдістеріне, кәсіби біліктіліктеріне, т.б жағдайларға басқа көзқараспен
(өз-өзіне сыни көзқараспен) қарай
бастайды. Желідегі материалдарды қарап, саралау барысында «Мендегі білім сапасы
неге төмен?», «мен неге мұны дәл осылай жасамадым?», «білім сапасы үшін қандай
әдістер қолданамын?» деген ой әркімде болады және іштей толқыныс туындайды.
Осы
қоғамдастық арқылы мұғалім оң нәтижеге
жету жолында ізденеді.
Желілік
қоғамдастықтағы әріптестердің моральдық деңгейі өте жоғары болғанда, кез-келген
істе оларға арқа сүйеуге болады.
Осы жолда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі
ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жүргізе, білім сапасы артады, кәсіби дағдыларыңыз
кеңейеді. Аз-кем тәжірибемізге сүйене отырып, желілік қоғамдастықтың маңызын былайша сараладық:
ü Педагогтер арасында бірлескен зерттеу топтары
қалыптасады
ü мұғалімдердің құзыреттілігі артады
ü бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, басқа мектептермен
жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды
ü мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады
ü кәсіби
біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады
Жаңа
қоғамдастықты қалай
құруға болады?
Жаңа
қоғамдастық құру үшін мына
сілтемелерге көшу керек:
ü
1. «Жаңа қоғамдастық құру -Создать новое
сообщество»
ü
2. Қажетті жолдардың
барлығын толтыру:
ü
2. 1. Коғамдастық атауын жазу
ü
2.2. қоғамдастық атауынан соң оның мақсат, міндеттерін
жазып, оған қатысатын адамдарға арналған пікір жазуға болады.
ü
2.3. Бағытын көрсететін суреттер, фотолар,
сызбалар енгізуге болады;
ü
2.4. Мәтіннен басқа қоғамдастық мақсатын танытатын бейне материалдар
енгізуге де болады.